Бүгін шешуші кезеңде үш боксшымыз жұдырықтасады

0 372

Бүгін Таиланд астанасы Банкгогте өтіп жатқан лицензиялық турнир мәресіне жетеді. Жолдама тағдыры шешілетін маңызды күні үш Қазақстан боксшысы рингке шығады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агентігі.

Қазақстан уақытымен 12:00-де 75 келіде бақ сынап жатқан отандасымыз Валентина Хальзова кездесу өткізеді. Оның қарсыласы колумбиялық Ширлейдиз Орозко.

Сағат 16: 30-да 50 келіде Назым Қызайбай солтүстік кореялық Канг Су Хуангтан айласын асыруға тырысады.

Ал 63, 5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегі 17:30-да өтеді деп жоспарланған. Оның қарсыласы молдовалық Александру Парасчив.

Бокс бәсекесін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.