Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталды
Бүгін күллі мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан айт мерекесі басталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. 7 маусымда һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні», — деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Мереке кезінде Құрбан айт намазы оқылады, әр өңірде намаз оқудың бекітілген уақыты бар.
Аталған мерекеге тән міндет – Құрбан шалу. Құрбандыққа мал шалып, мұқтаж жандарға тарату, аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Сондай-ақ, мұсылмандар құлшылық етіп, көбірек жақсы амалдар жасауға тырысқаны жөн.
Айта кетейік, Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайты іске қосылды.