Астанада аяз себебінен аспанда ерекше құбылыс байқалды

0 1 901

Бүгін таңертең Астана аспанында ерекше құбылыс байқалды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Елорда тұрғындары күн айналасын қоршай пайда болған сақина тәріздес жарық құбылыстың бейнесін әлеуметтік желіде жариялап жатыр.

Метеорология ғылымында аспандағы мұндай көрініс «гало» деп аталады екен. Гало — бұл жарық көзінің айналасында екінші жарқылдың шеңбер, сақина, доға түрінде көрінуі.

Әдетте күн айналасында «гало» атмосферадағы бұлттардың массасында мұз кристалдары көбейгеннде пайда болады.