Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту

0 37

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда «оралман» термині ресми түрде «қандас» деп ауыстырылды. Қандастар — Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шетелдегі тұрақты жерінен елімізге оралған этникалық қазақтар. Қазақстанға келгеннен кейін оларға «Қандас» мәртебесін алу қажет.

Бұл мәртебені ХҚО арқылы да алуға болады. Ол үшін сізде келесі құжаттар болуы керек: өтініш, еркін түрде жазылған өмірбаян, сіздің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың қазақ немесе орыс тілдерде нотариалды куәландырылған аудармасы бар көшірмелері, жергілікті атқарушы органның мәртебе беруге келісімі, отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3*4 көлеміндегі екі фотосуреті. Егер барлық құжат дұрыс болса, мәртебе 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Мәртебенің жарамдылық мерзімі бір жылды құрайды, содан кейін оны ұзартуға немесе ҚР азаматтығын алуға құжаттар тапсыруға болады. Толық ақпарат алу үшін 1414 орталығына хабарласуға болады.

Халыққа қызмет көрсету Тұрар Рысқұлов аудандық бөлімі.

Жамбыл облысы.