Алматы зообағындағы теңбіл бұғылар төлдеді

0 154

Алматы зообағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Хайуанаттар бағы теңбіл бұғылар екі төл дүниеге әкелгенін хабарлады.

— Бізде қуанышты жаңалық бар! Теңбіл бұғыларда толықтыру – екі төл дүниеге келді! Бұл сүйкімді сәбилер қоршаған әлемді зерттей бастады және белсенділігімен, ойнақылығымен қуантады. Біздің зообаққа келіп, жаңа тұрғындармен танысыңыздар! Олар сіздерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлайтынына сенімдіміз, — делінген хабарламада.