Алматы көшелерінің бірінде автобус өртеніп кетті

0 523

Алматы қаласындағы Райымбек-Сүйінбай даңғылының қиылысында жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Оқиға бүгін, 25 сәуірде сағат 15:05-те Райымбек даңғылы-Сүйінбай көшесінің қиылысында болған.

Жалын 15:16-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.