Астанада подъездің шатыры баланың үстіне құлап кетті

0 152

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде подъездің шатыры баланың үстіне құлап кетті. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Кадрларға қарағанда оқиға 12 мамыр күні кешкі 18:00 шамасында болған. «Sat Citу» тұрғын үй кешенінің кіреберісінен шығып бара жатқан баланың үстіне шатыр құлаған.

Баланың жағдайы қандай екені әзірге белгісіз.

Желідегілер оқиғаға қатысты түрлі пікір жазған. Олардың бірі баланың жағдайына алаңдаса, енді бірі жаңа тұрғын үй кешенінің жағдайын сынға алып жатыр.

«Қаладағы барлық қасбеттерді тексеру керек! Адамдар бұл пәтерді арзан бағаға сатып алмайды, бұл не деген сұмдық!», «Баланың денсаулығы жақсы деп үміттенемін», «Маған бұл ілулі шатырлар ешқашан ұнамайтын», «Sat Citу блоктарының жартысын бұзу керек, Sat NS басшылығы 10 блокты салған кезде не ойлады?», деп жазды желі қолданушылары.