Қазақстанда жаңа байланыс операторы пайда болады
Бұл бастама «Қолжетімді интернет» жобасы аясында жүзеге асырылмақ.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде байланыс пен интернет сапасына қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында министрлік нарыққа жаңа байланыс операторын шығаруды жоспарлап отыр.
– Ұялы байланысқа келсек, бізде «Қазақтелеком» компаниялар тобы атынан доминант және бір тәуелсіз ұялы байланыс операторы – Beeline бар. Алдағы уақытта «Мобайл Телеком-Сервис» жеке инвесторға сатылады, осылайша нарықта үш оператор болады, – деді Асхат Оразбек.