Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр

0 188

Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Ведомство хабарлағандай, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның тікұшағымен өрт ошақтарына әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су төгілді.

«Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер мен екпінді жел өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық ТЖД бастығы Асқар Тойшыбеков оқиға орнында жүр», делінген хабарламада.

Жалынмен күрес жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып жатыр.