«Алматы су» бас директорының орынбасары ұсталды

0 286

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын ұстады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күдікті жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

«Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «қамауда ұстау“ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған істер бойынша тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері «Бизнеске жол» жобасы аясында 43 проблемалық кейс шешіліп, 5 мың кәсіпкердің құқығы қорғалды.