Зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз

0 184

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң төңірегінде өз ойын білдірді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңдарға қол қойды. Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғаны белгілі. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Заң әйелдер мен балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты азайтады деп сенеміз», деп жазды сенатор әлеуметтік желіде.