Әуе күштерінің көмегімен 1 600 адам эвакуацияланды

0 243

Су тасқынына қарсы шаралар барысында ТЖМ, ҚМ және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуекемесі жұмылдырылды, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құтқару жұмыстары Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында белсенді жүргізіліп жатыр.

Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта 1 660 адам, оның ішінде 425 бала эвакуацияланды. 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от AULIEATANEWS (@aulieata.news)