Көктемгі екі айлық жұмыстарының орындалуы қаралды

0 257

Жамбыл облысы, Меркі аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті, — «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Кеңесте көктемгі екі айлық барысындағы абаттандыру жұмыстарының орындалуы қаралды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ербол Акектің баяндауынша, бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, 1155 тал-тарақ отырғызу, 880 шаршы метр гүлзар орналастыру, 90,2 шақырым арық және каналдарға тазалау жұмыстарын жүргізу, 588,7 шақырым көшелерді күл-қоқыстан тазалау, 24360 шаршы метр саябақтарды, скверлерді тазалау және көріктендіру, 246 тонна кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау жоспарланған.

Жорабек Нұрмергенұлы аудан аумағындағы қоқыс мәселесін қатаң сынға алып, бөлім басшысы мен ауылдық округ әкімдеріне жоспарға сай, аумақтарды тазалау қажеттігі жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, аппарат кеңесінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің орындалуы мен қаңтар-наурыз айларындағы аудандық бюджеттің орындалуы қаралды.