Геннадий Головкин Қазақстан құрамасын қолдау үшін Грекияға ұшып барды

0 121

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Афинаға (Грекия) ұшып барды, — деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Геннадий Головкин Афинаға Қазақстан футбол федерациясының шақыртуымен барған. Ол Ұлттар лигасының жартылай финалы аясында өтетін Грекия-Қазақстан матчын трибунадан тамашалап, ұлттық құрамаға қолдау көрсетпек.

Айта кетейік, бүгін, 21 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекияға қарсы ойын өтеді. Матч сағат 00.45-те басталады және  Qazsport,  Qazaqstan телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан ұлттық құрамасы Грекияны жеңген жағдайда Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді.