Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды

0 58

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ұшып барды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды», — делінген хабарламада.

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.