Адамдардың жаппай жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі

0 44

Адамдардың жаппай жиналатын орындардағы функционалдық өрт қаупі жағынан әртүрлі ғимараттар мен құрылыстарға жататын санаты айтарлықтай көп: кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, спорт  ғимараттары, сауда орындары, қонақ үйлер, ауруханалар, қарттар үйі, білім беру объектілері.

Жаппай адамдар жиналатын әрбір объекті алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметті шақырту үшін байланыс құралдарымен қамтамасыз етілу және автоматтандырылған өрт сигнализациясымен, өрт сөндіру және адамдарды құлақтандыру құралдарымен жабдықталуы керек. Эвакуация жолдарына ерекше көңіл бөлу қажет.

Өртке қарсы су өткізу жүйесі, яғни өрт гидранттары мен өрт крандары үнемі жұмыс қалпында тұруы керек, жылына екі рет, (көктемде, күзде) су жіберуге және жұмыс істеуіне тексерілуі тиіс.

Өкінішке орай, бизнестің кейбір өкілдері өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлмейді. Заңға сәйкес кез-келген объектіде өрт қауіпсіздігіне жауапты басшы екенін естеріңізге саламыз. Сонымен қатар, басшылар және жекеменшік иелері қызметкерлердің дайындығына жауапты қарау керек. Өрт қауіпсіздігі саласында біздің басты мақсатымыз тұрғындардың қауіпсіздік мінез-құлық мәдениетін жоғарлату.

Еркін Бизақ,

Талас ауданы ТЖБ

бас маманы,  азаматтық

қорғаныс  аға лейтенанты.