«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

0 55

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Талас аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы және аға инспекторы сондай-ақ Талас аудандық ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 01.09.2021 — 01.12.2021 аралығында «Учаске» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Яғни, Талас аудандық пробация қызметінің есебінде 90-ға жуық сотталған тұрады.  Тұрғылықты  мекен-жайлары  тексеріліп, әлеуметтік жағдайлары анықталуда. Сонымен бірге, аумақтық трек пункттеріне, аудандық пробация қызметінің жұмыс кабинетіне сотталғандарды шақырып, қайта қылмыс жасамау жөнінде профилактикалық бағытта әңгіме сұхбат жүргізілуде.

Жаза өтеу кезінде сот жүктеген міндеттерді орындамай және әкім­шілік құқық бұзушылықтарға тар­тыл­­ған тұлғалардан түсініктеме алы­нып, сотқа жаза мерзімін ауыс­тыру туралы құжат жолданатын болады.

Д.Жаксибеков,

Талас аудандық пробация қызметінің бастығы,  әділет майоры.