ТӘРБИЕ — қоғамдық құбылыс!

0 60

Д.А..Қонаев атындағы орта мектепте, «Тәрбие -қоғамдық құбылыс» атты оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізуге бағытталған дәріс сағаты —  аудандық ұстаз — ардагерлер кеңесінің  төрағасы Ілес Нұрұлы , аудандық Әкелер кеңесінің төрағасының орынбасары Қамысбай Сауқымов, Талас жастар орталығының директоры Нұрсұлтан Манатбеков, мектеп әкімшілігі , 9 — сынып оқушыларының қатысуымен жүргізілді.
Дәріс сағатында, аудандық ұстаз — ардагерлер кеңесі төрағасы Ілес Нұрұлы сөз алып, оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын алу үшін атқарылатын тәрбиелік мәні бар шаралар туралы айтып өтті.Атап айтқанда,
— оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
— оқу,еңбек іс — әрекетін тиімді ұйымдастыру;
— баспасөз бостандығы туралы іс — шаралар өткізу барысына кеңінен тоқталды.
Аудандық Әкелер кеңесінің төрағасының орынбасары Қамысбай Сауқымов, өз кезегінде, тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері туралы айта келе, әңгіме адам, оның санасы, мінез — құлқы, жүріс — тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайтынын ; бұл тұрғыда — құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыру туралы өмір тәжірибесіне сүйене отырып   түсіндірді.

Талас жастар орталығы директоры Нұрсұлтан Манатбеков сөз алып , заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі екендігі; заңды бұзу — жауапкершіліктен қүтқармайтынын айта келе, жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез — құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы деп өз ойын  жеткізді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, осы жолдардың авторы сөз алып, қазіргі таңда, қоғамның демократиялық дамуы — мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап ететінін; құқықты құрметтеу, әділдікті, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну — адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Заңдылықты сезіну — құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі екендігін түсіну қиын емес деп өз көзқарасын ортаға салды.

Мектеп оқушылары өз кезегінде , өмірден түйгені мол , ардагер ағалар  — Ілес Нұрұлы, Қамысбай Сауқымов және Талас жастар орталығының директоры Нұрсұлтан Манатбековке — өмірдегі басты ұстанымдары туралы сауал қойып, еркін — пікір алаңында әңгіме өрбітті.  Ел  тірегі, бүгінгі мектеп партасында отырған жастарға рухани қуат — күш беріп, алғы күнге нық сеніммен қадам басуға зор ықпал еткен қонақтарға алғысымыз шексіз.

 

      Сәуле Түменбаева, Талас ауданы.