Жыр мүшәйрасы өтті

0 44

Талас аудандық   орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жырға жақын жүрегімнің жүгі ауыр» атты аудандық жабық жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланды.

Жыр кешінде сөз алған аудандық орталық кітапхана директоры Ш.Жұмабекова жас ақындарға шығармашылық табыс тіледі.

Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлде жас ақын Е.Боранбекке бұйырса, 1-орынды Тараз гимназия мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ә.Бұралқы иеленді. Ал, жүлделі 2-орынға Ақкөл ауылы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, бірнеше жыр сайыстарының жеңімпазы Е.Досалы лайық деп танылса, 3-орынды Талапты орта мектебінің мұғалімі Р.Жұмабаев түйіндеді.

Aulieatanews, Талас ауданы.