Компьютерлік томография — Қаратауда
Ауданымызда алғаш рет компьютерлік томография кабинеті ашылды. Кабинетте заманауи жоғарғы технологиялық 80-кескінді компьютерлік томограф (КТ) орнатылған. 80- кескінді компьютерлік томограф барлық органдар мен жүйелерді тексеруге мүмкіндік беретін тексерулердің жоғары сапасын қамтамасыз ететін озық технологиялары бар аппарат болып табылады.
Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Р.Қырықбаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Отыншиев қатысты. Кабинеттің жұмыс жасау жоспары мен онда орнатылған құрылғылар туралы мәлімет алды.
— Біз пандемия кезінде короновирустық пневмония диагнозын қоюдың ең сенімді және негізгі әдісі болып табылатын компьютерлік томография екендігіне көз жеткіздік. КТ бұдан бөлек диогноздың дәлдігі мен сипатын нақтылайтын заманауи құрылғы. Кабинетте орталығымыздың білікті рентгенлаборант жұмыс жасайды. Ал, қорытынды диагнозды дәрігерлер онлайн түрде беріп отырады,- деген «Мейірім» медициналық орталығының бас дәрігері Гүлчахра Маметова. КТ-ға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы (МӘМС) бар азаматтар дәрігердің жолдамасымен, жарна төлемейтін азаматтар 10 мың теңге көлемінде ақы төлеу арқылы томографияға түсе алатындығын, зейнеткерлер мен балаларға, әлеуметтік көмек алатын азаматтарға 10 пайыздық жеңілдік бар екендігіне де тоқталды. Сонымен қатар, мамандардың экстрендік жағдай кезінде ақысыз және уақыттың шектеуінсіз қызмет көрсететіндігін жеткізді.
«Мейірім» медициналық орталығына қарасты кабинет аудандық орталық ауруханадан бөлінген 120 шаршы метр аумаққа орналастырылған. онда қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етілгендігі жөнінде «Мейірім» медициналық орталығы құрылыс бөлімінің басшысы Нұржан Жақсымбетұлы баяндады.
С.Әмірханов және О.Белокримцкая дәрігердің жолдамасымен өкпе қуысына томография жасатуға келген қала тұрғындары. КТ-ның қаламыздан ашылғанына дән риза. Біріншіден уақыт үнемдейсің, екіншіден артық шығынға ұшырамайтындығын баса айтып, игі іске мұрындық болған жандарға алғыстарын айтты.
Aulieatanews, Талас ауданы.