Елордада online шаңғы жарысы өтеді
Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі елорда тұрғындары арасында шаңғы жарысы бойынша Online жарыс өткізеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Online жүгіру жарысы 12-13 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағында (шаңғыроллер тас жолында ) санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, ашық ауада жеке жағдайда өтеді.
Сондай-ақ, қатысушылар өз денсаулығына жауапты. Әрбір қатысушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, алдын ала тіркеуден өтеді.
Жарыс бағдарламасы:
12 желтоқсан
Келесі жас тобына қатысушылар үшін
Старт
10:00 сағ. ерлер 30-39 жас, қашықтық 5 км
11:30 сағ. әйелдер 30-39 жас, қашықтық 3 км
14:00 сағ. әйелдер 18-29 жас, қашықтық 3 км
16:00 сағ. ерлер 18-29 жас, қашықтық 5 км
13 желтоқсан
10:00 сағ. ерлер 40-49 жас, қашықтық 2 км
11:30 сағ. әйелдер 40-49 жас, қашықтық 1 км
13:00 сағ. 50 жас және одан үлкен әйелдер, қашықтық 1 км
14:00 сағ. ерлер 50 жас және одан жоғары, қашықтық 2 км
Онлайн жарысқа қатысушылар ең үздік нәтиже жинағандар медальдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.