Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.
«Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын.
Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты», — деп жазды Президент Twitter желісіндегі парақшасында.