Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0 59

Синоптиктер 14-16 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды. «Атлантикалық циклон Қазақстан территориясына кезекті жылу алып келеді. Онымен байланысты температуралық фонның жоғарылауы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде найзағай күркірейді. Түнгі және таңғы уақыттарда тұман, көктайғақ болады», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.