21 жастағы жігіт Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

0 64

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Алдаберген Асыл Берікұлы тағайындалды, — деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Асыл Алдаберген 1998 жылы Түркістан қаласында туған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Turkistan Adaldyq alany жобалық кеңсесінің менеджері және басшысы болған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының көмекшісі қызметін атқарған.