Айтбеков Аслан Асыкбековичтың сайлауалды бағдарламасы

0 8

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №14 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Әділет” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Айтбеков Аслан Асыкбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы

Мен, Айтбеков Аслан Асыкбекович, 1975 жылғы 23 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы  Свердлов) ауданы, Ақжар ауылында  дүниеге келдім.

Сәкен Сейфулин  атындағы орта мектепті 1993 жылы аяқтап, 2006-2008 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын бітірдім.

2000-2001 жылдары  Жамбыл облысы, Байзақ ауданында  “Алға”  акционерлік қоғамында бақылаушы механик  қызметі;

2001-2007 жылдары Ж.Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дене шынықтыру мұғалімі;

2007-2011 жылдары Ж.Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер;

2011 жылдан Ж.Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына уақытша ауыстырылды;

2011-2016 жылдары Ж.Үшкемпіров атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары және үстел теннисінен жаттықтырушы;

2016 жылдың 20 сәуірінен бастап «Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы;

2005 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесімін.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен депутаттыққа халықтың сенімін ақтап, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, ауылдарымыздың дамуына және ортақ мәселелердің шешілуіне үлес қосу мақсатында үміткер болып отырмын. Депутат болу-халықтың мұң-мұқтажын тыңдау, өзекті мәселелерді көтеру және олардың шешілуіне заң аясында ықпал ету деп білемін.

Мен үшін басты міндет-тұрғындармен тұрақты байланыста болып, олардың ұсыныстары мен өтініштеріне назар аудару. Өз тәжірибем мен күш-жігерімді Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттауға дайынмын.

 САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАМНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  1. Халықтың табысын арттыру және жұмыспен қамту

-Тұрғындардың жұмыспен қамтылуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін бастамаларды қолдау;

-Кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен жеңілдетілген несиелер туралы ақпараттың халыққа қолжетімді болуына назар аудару;

-Шағын бизнес пен ауыл шаруашылығын дамытуға ниетті азаматтардың ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізу;

— Әлеуметтік жағынан осал отбасыларға қолдау көрсету мәселелерін көтеру.

  1. Ауылдардың инфрақұрылымы мен абаттандырылуы

-Ауылішілік жолдарды жөндеу және көшелерді жарықтандыру мәселелерін кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

-Аула, қоғамдық орындар мен балалар алаңдарын күтіп ұстау және абаттандыру жұмыстарын қолдау.

-Ауыз су, санитарлық тазалық және тұрғындарға күнделікті қажет өзге де инфрақұрылымдық мәселелердің назардан тыс қалмауына күш салу.

-Ауылдарды көгалдандыру, ағаш отырғызу және қоршаған ортаны таза ұстау бойынша тұрғындармен бірлескен жұмыстарды қолдау.

  1. Жастарды қолдау және спортты дамыту

– Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, білім алуына және еңбекке араласуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау.

– Ауылдарда спорт алаңдары мен спорттық секциялардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру.

– Балалар мен жасөспірімдерді бұқаралық спортқа тартуға, жарыстар мен спорттық іс-шараларды өткізуге ықпал ету.

– Дарынды жас спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, спорт нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізу.

Ауыл балаларының кәсіби спортқа алғашқы қадамын жасауына мүмкіндік болуы керек. Сондықтан спорт мектептері мен ауылдық спорт нысандары арасындағы байланысты нығайтып, қабілетті балаларды дер кезінде анықтау мен олардың спорттық дайындығына жағдай жасауға ерекше мән беремін.

Спорт саласындағы көпжылдық тәжірибемді пайдаланып, жастардың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу-маңызды міндеттерімнің бірі.

  1. Әлеуметтік мәселелер және тұрғындармен байланыс

– Балаларға, қарттарға және көмекке мұқтаж отбасыларға қатысты әлеуметтік мәселелерді тиісті мекемелермен бірлесе көтеру.

– Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне қатысты тұрғындардың өтініштерін назарға алу.

– Тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен мәселелерін жинақтап, тиісті органдарға жеткізу.

– Қоғамдық маңызы бар мәселелердің ашық қаралуына және қабылданған шешімдер туралы халыққа ақпарат берілуіне ықпал ету.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен алға қойған мақсаттардың жүзеге асуы халықпен бірлесе әрекет етуге байланысты екенін жақсы түсінемін. Әрбір мәселені бір күнде шешу мүмкін емес, алайда оны назарға алып, нақты ұсыныс жасап, орындалуын бақылауға болады. Мен осы бағытта жауапкершілікпен жұмыс істеуге дайынмын.

Сіздердің сенімдеріңізді ақтау, тұрғындардың мүддесін қорғау және туған өлкеміздің дамуына үлес қосу – мен үшін үлкен жауапкершілік.

ӨЗГЕРІС ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

Бірлік бар жерде – береке бар. Бірге еңбек етіп, Байзақ ауданының  болашағы үшін бірге әрекет етейік!

Тапсырыс жасаған тұлға: №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Аслан Асыкбекович Айтбеков.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.