Алимбаев Нуржан Амангелдиевичтың сайлауалды бағдарламасы

0 4

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №4 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Алимбаев Нуржан Амангелдиевичтың Сайлауалды Бағдарламасы

«БАЙЗАҚТЫҢ  БОЛАШАҒЫ-БІРЛІКТЕ, ДАМУДА, НАҚТЫ  ІСТЕ!»

Мен, Алимбаев Нуржан Амангелдиевич, 1978 жылы 20 ақпанда бұрынғы Киров колхозы. Дихан бөлімшесінде  қарапайым отбасында өмірге келдім. 1986 жылы Киров атындағы мектепке 1-сыныпқа оқуға бардым. 1993 жылы Дихан орта мектебінің 9-сыныбын бітірдім. 1994-1995 жылдары Мырзатай орта мектебінде білім алдым. 1996 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы университеттің ән және саз факультетіне оқуға түсіп, 2000 жылы бітіріп шықтым. 2000 жылы Дихан ауылындағы Дихан орта мектебіне музыка пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 2004-2006 жылдары Тараз педагогикалық институтының тарих факультетінде сырттай оқып диплом алдым. Қазіргі таңда Диқан тірек мектебі (ресурстық орталық) музыка, тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарамын.

Отбасылымын. 4 ұл, бір қыз тәрбиелеп отырмын.

НЕГІЗГІ МАҚСАТ

Байзақ ауданының әрбір ауылында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал ету, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына қоғамдық бақылауды күшейту.

Менің негізгі міндетім-тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарын мәслихат деңгейінде көтеріп, олардың заңды шешім табуына ықпал ету.

  1. АУЫЗ СУ ЖӘНЕ СУАРМАЛЫ СУ-АУЫЛ ТІРШІЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

— Әрбір елдімекенді сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін бақылауда ұстау.

— Тозығы жеткен су құбырларын жаңғыртуға бюджеттен қаржы қарастыру мәселесін көтеру.

— Суармалы каналдарды жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылау.

— Шаруалардың егістік алқаптарына су жеткізу мәселесін шешуге ықпал ету.

— Су үнемдеу технологияларын енгізетін шаруашылықтарды қолдау.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ -АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

— Шағын шаруа қожалықтарының мәселелерін шешуге ықпал ету.

— Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарды дамытуға қолдау көрсету.

— Жер мәселесінің заңды әрі әділ шешілуін бақылау.

— Мал шаруашылығын, ветеринариялық қызметті және жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мәселелерін көтеру.

— «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл кәсіпкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

— Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қоймалар мен өткізу орындарын дамытуға қолдау көрсету.

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ-ӘРБІР АУЫЛҒА ҚАЖЕТ

— Ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстарын басымдықпен жоспарлау.

— Жөнделген жолдардың сапасына бақылауды күшейту.

— Көшелерді жарықтандыру жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуге ықпал ету.

— Аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарын көбейту.

— Қоғамдық көлік қатынасы мен ауылдар арасындағы қатынастың қолжетімділігін жақсарту.

— Ауылдардағы кәріз, су бұру және электр желілерінің мәселелерін көтеру.

  1. ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

— Жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды қолдау.

— Жастар кәсіпкерлігіне арналған мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру.

— Жастарға арналған спорт алаңдары мен мәдени демалыс орындарын көбейту.

— Ауыл жастарының кәсіби білім алуына және мамандық игеруіне жағдай жасау.

— Жас мамандарды ауылға тарту және олардың әлеуметтік қолдау мәселелерін көтеру.

  1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

— Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін назарда ұстау.

— Мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыру.

— Ардагерлер мен жалғызбасты қарттардың әлеуметтік мәселелерін көтеру.

— Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштерін бақылауға алу.

— Балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңдарын салуға ықпал ету.

  1. БІЛІМ МЕН МЕДИЦИНА САПАСЫ

— Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға ықпал ету.

— Мектептердің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы қарастыру мәселесін көтеру.

— Балабақша орындарының қолжетімділігін арттыру.

— Ауылдық медициналық пункттердің жағдайын жақсарту.

— Медициналық мамандардың ауылдарға келуіне жағдай жасау мәселесін көтеру.

— Жедел медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына қатысты тұрғындардың өтініштерін бақылау.

  1. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

— Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.

— Ауылдарда наубайхана, шағын цех, сүт өңдеу, жылыжай және қызмет көрсету нысандарын ашу бастамаларын қолдау.

— Жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерін мәслихат отырыстарында көтеру.

— Жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге бағытталған жобаларды қолдау.

  1. АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС

— Әрбір ауылдың тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу.

— Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін жүйелі түрде жинақтау.

— Өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдау.

— Аудандық бюджеттің жоспарлануы мен орындалуын бақылауға алу.

— Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына назар аудару.

— Атқарылған жұмыстар бойынша тұрғындарға тұрақты есеп беру.

Тапсырыс жасаған тұлға: №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нуржан Амангелдиевич Алимбаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.