Ажибекова Айкерим Абиловнаның сайлауалды бағдарламасы

0 6

БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫның ДЕПУТАТТЫҒЫНА №7 бірмандаттық аумақтық  САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША  “әділет” партиясынан ұсынылған КАНДИДАТ АЖИБЕКОВА АЙКЕРИМ АБИЛОВНАның САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Ажибекова Айкерим Абиловна, 1984 жылы 21 сәуірде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келдім.

2005 жылы Абай атындағы педагогикалық колледжді «Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдадым. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірдім.

Еңбек жолымда бір білім беру мекемесінде ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты міндетім деп санап келемін. Өз мамандығыма адалдық танытып, кәсіби біліктілігімді үнемі жетілдіруге және оқушылардың білім деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлемін. Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру саласына қосқан үлесім үшін жоғары педагогикалық марапат- «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталдым.

Отбасылымын, төрт баланың анасымын. Ана болу мен ұстаздық қызметті қатар алып жүріп, отбасымның тәрбиесіне де, кәсіби міндеттеріме де жауапкершілікпен қараймын. Балаларымның бойына адамгершілік, отансүйгіштік және еңбекқорлық қасиеттерін сіңіруді маңызды парызым деп білемін.

Мен үшін ұстаздық — жай ғана мамандық емес, өскелең ұрпақтың болашағына жол ашатын жауапты қызмет. Алдағы уақытта да білім беру саласында адал еңбек етіп, қоғамның дамуына өз үлесімді қоса беруді мақсат етемін.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде тіл үйренудің адам өміріндегі мүмкіндіктерді кеңейтетінін күнделікті жұмысымнан көріп келемін. Тіл білу-тек шетелдік сөздерді меңгеру емес, өзге мәдениеттерді тану, дүниетанымды кеңейту және заман талабына бейімделу. Сондықтан ауыл балаларының тілдік дайындығына көңіл бөліп, олардың білімін халықаралық деңгейдегі ақпарат көздерімен толықтыруына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдаймын.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақтың негізі!

Мен, Ажибекова Айкерим Абиловна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде білім сапасын арттыру, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына жағдай жасау және тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге үлес қосуды басты мақсатым деп санаймын.

Негізгі басымдықтарым:

  1. Білім сапасы. Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, заманауи оқыту технологияларын енгізуге және шет тілдерін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

Ауыл мектептерінде пәндік біліммен қатар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, көпшілік алдында ойын жеткізу қабілетін және өзіне деген сенімін қалыптастыруға да көңіл бөлінуі керек. Пікірсайыс клубтары, тілдік кездесулер, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық жобалар балалардың бойындағы жасырын қабілеттерді ашуға көмектеседі. Осындай жұмыстардың ауылдық жерлерде де жүйелі ұйымдастырылуына мән беремін.

  1. Балалар мен жастарды қолдау. Жастардың сапалы білім алуына, кәсіптік бағдарлануына, спортпен және шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдай жасауға атсалысу.
  2. Мұғалім мәртебесі. Педагогтердің ұсыныстары мен мәселелерін назарға алып, білім беру саласындағы өзекті түйткілдердің шешілуіне ықпал ету.

Педагог еңбегінің бағалануы – білім саласының дамуына әсер ететін маңызды мәселелердің бірі. Ұстаздың кәсіби ізденісіне лайықты құрмет көрсетіліп, оның қоғамдағы орны мен беделі жоғары болуы қажет. Өзімнің еңбек жолымда алған марапаттарымды жеке жетістік қана емес, ұстаздық қызметке деген жауапкершіліктің нәтижесі деп қабылдаймын. Сондықтан педагогтердің әлеуметтік жағдайына, еңбек ету ортасына және кәсіби дамуына қатысты ұсыныстардың назарға алынуына қолдау білдіремін. Себебі мұғалімнің еңбегіне лайықты жағдай жасалып, кәсіби дамуына мүмкіндік берілгенде ғана білім беру сапасы артып, жас ұрпақтың жан-жақты қалыптасуына берік негіз қаланады.

  1. Әлеуметтік мәселелер. Округ тұрғындарының өтініштерін тұрақты қабылдап, мектеп, жол, жарық, ауыз су және абаттандыру мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеру.
  2. Ашықтық пен жауапкершілік. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы есеп беріп отыру.

Ауыл мектептерінде пәндік біліммен қатар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, көпшілік алдында ойын жеткізу қабілетін және өзіне деген сенімін қалыптастыруға да көңіл бөлінуі керек. Пікірсайыс клубтары, тілдік кездесулер, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық жобалар балалардың бойындағы жасырын қабілеттерді ашуға көмектеседі. Осындай жұмыстардың ауылдық жерлерде де жүйелі ұйымдастырылуына мән беремін.

Менің ұстанымым – әр тұрғынның пікірін тыңдау, әр мәселенің шешілуіне ықпал ету және ел болашағы саналатын ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау.

«Ауылым – алтын бесігім»

Ауылдың тазалығы мен көркеюіне, қоғамдық орындардың абаттандырылуына және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға басымдық беремін. Көшелерді жарықтандыру, балалар ойын және спорт алаңдарын дамыту, ауылішілік жолдарды жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мәселелерін көтеремін. Тұрғындармен бірлесе отырып, ауылдың өзекті мәселелерін анықтап, олардың кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал етемін.

Тапсырыс жасаған тұлға: №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Айкерим Абиловна Ажибекова.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.