Чиназ Батыр Мұратбекұлы сайлауалды бағдарламасы

0 5

МЕРКІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №3 БІР МАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ  БОЙЫНША КАНДИДАТ

ЧИНАЗ БАТЫР МҰРАТБЕКҰЛЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 ӨМІРБАЯН

Мен, Чиназ Батыр Мұратбекұлы, 2002 жылғы 16 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданының Ақарал ауылында дүниеге келдім. 2008-2018 жылдары №16 орта мектепте білім алдым.

2018-2022 жылдары Алматы қаласындағы Инновациялық технологиялық колледжінде «Есептеу техникасы және ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алдым. 2022-2025 жылдары Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын меңгеріп, жоғары білім алдым.

2025-2026 жылдары Алматы қаласындағы «Turar.motors» автосалонында сату бөлімінің басшысы қызметін атқардым. 2026 жылдан бастап Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастармен жұмыс жөніндегі маман болып еңбек етіп келемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Ауылдың өркендеуі, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту – ортақ мақсатымыз. Жас маман ретінде білімім мен жинаған тәжірибемді туған жерімнің дамуына бағыттауды көздеймін.

Депутат болып сайланған жағдайда, тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, төмендегі алты бағыт бойынша депутаттық өкілеттігім мен бюджет мүмкіндіктері шеңберінде жұмыс жүргіземін.

  1. Жастарды қолдау және дамыту. Жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, шығармашылық және әлеуметтік бастамаларының жүзеге асуына ықпал етемін. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, кәсіби бағдар алуына және ауылда өзін дамытуына жағдай жасайтын жобаларды қолдаймын.
  2. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік. Жастар мен ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту және қайта даярлау бастамаларына қолдау көрсетемін. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етемін.
  3. Білім және цифрлық мүмкіндіктер. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи технологияларды қолжетімді ету мәселелерін көтеремін. Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық технологиялар саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдаймын.
  4. Спорт, мәдениет және қауіпсіздік. Ауылдарда спорт және балалар ойын алаңдарын дамытуға, мәдени-көпшілік іс-шараларды қолдауға атсалысамын. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіз қоғамдық орта құру бастамаларына мән беремін.
  5. Ашықтық және депутаттық бақылау. Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдаймын. Маңызды жобаларды бюджетке енгізуге, қаражаттың мақсатты жұмсалуына және құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау жүргізуге ықпал етіп, атқарылған жұмыстар туралы есеп беремін.

Құрметті сайлаушылар!

Менің мақсатым – тұрғындардың мүддесін білдіріп, ауылдардың дамуына қатысты мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

Меркі аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Б.Чиназдың сайлау қорының қаражатынан төленді.