Тұрғанбеков Айболат Ардақұлы сайлауалды бағдарламасы

0 5

МЕРКІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА

№3 БІР МАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ  БОЙЫНША КАНДИДАТ

ТҰРҒАНБЕКОВ АЙБОЛАТ АРДАҚҰЛЫ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ӨМІРБАЯН

Мен, Тұрғанбеков Айболат Ардақұлы, 2004 жылғы 14 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданының Ақтоған ауылында дүниеге келдім. 2010 жылы Тілеміс батыр атындағы №4 орта мектепке бардым. 2021-2025 жылдары Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

2025 жылғы маусым-желтоқсан айларында Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша еңбек еттім. 2026 жылдан бастап Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастармен жұмыс жөніндегі маман болып қызмет атқарып келемін.

          САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті сайлаушылар! Ауылдарымыздың дамуы, жастарға мүмкіндік жасау және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру – ортақ мақсатымыз. Депутат болып сайланған жағдайда, төмендегі алты бағытқа басымдық беремін.

  1. 1. Спорт және салауатты өмір салты. Ауылдардағы спорт алаңдарын жаңғыртуға, қажетті жерлерде жаңа нысандар салу мәселесін көтеруге ықпал етемін. Балалар мен жастардың спорт үйірмелеріне қолжетімділігін арттыруға, бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Спорт инфрақұрылымының әртүрлі жастағы тұрғындар үшін қолжетімді болуына да назар аударамын.
  2. Білім және жастар бастамалары. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқушыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтеремін. Жастардың кәсіби бағдар алуына, шығармашылық қабілетін дамытуына, волонтерлік және қоғамдық жобаларға қатысуына мүмкіндік беретін бастамалардың қолдау табуына атсалысамын. Ауылдағы білім және мәдениет ұйымдарының бірлескен жобаларын дамытуға қатысты ұсыныстарды қолдаймын.
  3. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлік. Жастарды кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және алғашқы жұмыс орнына орналасуға бағытталған шаралардың қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеремін. Ауылдағы шағын кәсіпкерлік бастамаларын, жас кәсіпкерлерге кеңес беру және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттандыру жұмыстарын қолдаймын.
  4. Инфрақұрылым және абаттандыру. Ауылішілік жолдарды жөндеу, ауызсу, электр және газ желілерін жаңғырту, көшелерді жарықтандыру мен жаяу жүргіншілер жолдарын салу жобаларын тиісті жоспарларға енгізуге ықпал етемін. Балалар ойын алаңдарын дамытуға және елді мекендердегі абаттандыру жұмыстарының сапалы орындалуына назар аударамын.
  5. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау. Ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтің қолжетімділігін жақсарту, профилактикалық тексерулер мен денсаулықты сақтау жөніндегі ақпараттық жұмыстарды қолдау мәселелерін көтеремін. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне атсалысамын.
  6. Ашықтық және депутаттық бақылау. Тұрғындармен тұрақты кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тиісті органдарға жеткізіп, депутаттық сауалдар жолдаймын. Ауылдарға қажетті жобалардың бюджетте қаралуына, қаражаттың мақсатты жұмсалуына және жөндеу-құрылыс жұмыстарының сапалы әрі мерзімінде жүргізілуіне бақылау жасауға ықпал етемін. Атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отырамын.

Мақсатым – №3 сайлау округі тұрғындарының мүддесін білдіріп, ауылдардағы өзекті мәселелердің кезең-кезеңімен шешілуіне үлес қосу.

Меркі аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат А.Тұрғанбековтың сайлау қорының қаражатынан төленді.