Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Кездесу барысында білім, мәдениет, цифрландыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларының мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныстар мен пікірлер көтерілді.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.