Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0 7

8-10 қазанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын күтіледі, сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашын болмайды. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман болжанған.

Елдің батысында түнде ауа температурасы +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз +10+17°С жылы болады.

Шығыста түнде ауа температурасы 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.