Елімізде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін «Қазгидромет» РМК деректеріне қарағанда, еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Солтүстік Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда мен Ұлытау облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе және Жетісу облыстарында екпіні 25 м/с болатын қатты жел соғады.
Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман түседі. Түркістан облысының батысында шаңды дауыл болады.