Қазақстандықтар қазан айында неше күн демалады?

0 107

Қазан айында Република күніне орай бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Яғни, бес күндік жұмыс кестесімен істейтін азаматтар қатарынан 3 күн – 24, 25 және 26 қазан күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасындағы азаматтар үшін демалыс 24 және 25 қазанға түседі.

Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні болса, алты күндік кестеде демалыс күндерінің саны – 6.