Еліміздің 2 қаласында ауа сапасы нашарлайды

0 9

«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«6 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе және Талдықорған қалаларында күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.