Негізгі бағыттар және басым міндеттер түсіндірілді
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайсар Сұлтанбаевтың төрағалығымен жеке құрамның қатысуымен жиын өтті.
Жиын барысында жеке құрамға 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Конституция талаптары мен онда айқындалған негізгі бағыттар және басым міндеттер түсіндірілді.
ПД бастығы Конституция қағидаттарын мүлтіксіз сақтаудың және оларды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңыздылығына тоқталып, полиция қызметкерлері заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау және халықпен тиімді өзара іс-қимылды нығайту бағытындағы жұмыстарды жоғары деңгейде атқаруы қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу, кәсіби әдеп қағидаларын ұстану және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюдың маңыздылығы ерекше айтылды.
Жиын соңында ПД бастығы Конституция талаптарын іске асыруға әрбір қызметкер жауапкершілікпен қарауы қажет екенін айтып, алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.