Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы барды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Президенттің айтуынша, жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған.
«Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым. «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім», деп жазды ол.