Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

0 16

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Уильям Руто бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.