Айбек Дәдебай ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

0 88

-Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды,-делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өмірбаяны
Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы (2001-2002 жж)

ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, ҚР Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы (2008-2011 жж)

ҚР БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева (2011-2013 жж)

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі (2013-2019 жж)

ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары (2019-2021 жж)

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары (2021 ж. мамыр – 2022 ж. қаңтар)

ҚР Президенті Іс басқарушысы (2022 ж)

ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы (2024 ж)

Білімі
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған (2001 ж)

Осы ЖОО-ның магистратурасын «аймақтану магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған (2003 ж)