Жамбыл облысында 167,6 шақырым автожол орташа жөндеуден өтеді

0 16

Биыл Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге барлық бюджет көздерінен 21,3 млрд теңге қарастырылып, 76 жоба іске асырылмақ, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов мәлімдеді.

2026 жылы 2 көпір мен 3 теміржол өткелінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ 7,6 шақырым көше жолы қайта жаңғыртылып, 167,6 шақырым автожол орташа жөндеуден өтеді. Аталған жұмыстар облыстық маңызы бар жолдардың 26,2 шақырымын, аудандық маңызы бар жолдардың 20,1 шақырымын және елді мекен көшелерінің 128,9 шақырымын қамтиды.

Жалпы 76 жобаның 40-ы – 2025 жылдан өтпелі жобалар болса, қалған 36-сы – жаңа жобалар.

Бөлінген қаражаттың 3,2 млрд теңгесі жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына бағытталады.