Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру акциясы өтті

0 15

17 наурыз күні ХҚКО ғимаратында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті халыққа арналған ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы халықты ақпараттандыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шара барысында департамент қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, оның ішінде соттылығының бар-жоқтығы туралы мәліметтер алу, архивтік анықтамалар беру және Комитет көрсететін өзге де қызметтер бойынша кеңес берді. Сонымен қатар азаматтардың сұрақтарына жауаптар беріліп, қажетті құқықтық түсіндірмелер жасалды.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.