Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Наурыз мейрамы күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» бірқатар бағытта қосымша пойыздар тағайындап, сұранысы жоғары қатынастардағы пойыздарға тіркеме вагондар қосады. Нәтижесінде мереке кезеңінде жолаушыларға 35 мыңға жуық қосымша орын ұсынылады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Компанияның мәліметінше, 20 рейске үш қосымша пойыз шығарылады. Сонымен қатар қолданыстағы пойыздар құрамына шамамен 230 тіркеме вагон енгізіледі. Қабылданған шаралар мереке күндері билет қолжетімділігін арттыруды көздейді.
Қосымша пойыздардың қозғалыс кестесі төмендегідей:
№201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз.
Барлығы 6 рейс.
№204/203 «Астана Нұрлы жол – Шымкент»
Нұрлы жол станциясынан: 19, 20, 22, 23, 25, 26, 28, 29 наурыз.
Шымкент станциясынан: 21, 22, 24, 25, 27, 28, 30, 31 наурыз.
Барлығы 8 рейс.
№205/206 «Ақтөбе – Астана Нұрлы жол»
Ақтөбе станциясынан: 19, 21, 23, 25, 27, 29 наурыз.
Нұрлы жол станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз.
Барлығы 6 рейс.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасында ұсынылады.