9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 9 ақпанда Қазақстанның 16 облысында және Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Астана қаласында 9 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ұлытау облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с болса, түнде және таңертең кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Түркістан облысында күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Түнде таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстігінде әлсіз жауын-шашын күтіледі. Тұман, көктайғақ болады. Күндіз солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын байқалады. Жел солтүстік-батыстан соғып, күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл обылысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман болады.
Ақмола облысында түнде батысында және оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады: түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, оңтүстігі мен орталығында екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары. 10-11 ақпанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, екпіні 23-28 м/с, кей жерде 30 м/с-тан асады.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан жоғары. 10-11 ақпанда жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз осы аймақтарда жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Күндіз батысында, оңтүстігінде және таулы өңірлерінде көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады. Түнде орталығында жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15 м/с болады.
Қостанай облысының түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын,
күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады.
Жетісу облысының солтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. 9-11 ақпанда жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстігі мен орталығын тұман басады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Ал күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с болады.