Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
Қорғаныс министрінің екі орынбасары Президенттің қабылдауында болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.
Мемлекет басшысы ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.