Таразда жанжал жиі тіркелетін мейрамханалар анықталды

0 10

Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда жиі жанжал тіркелетін кафе-барлар мен мейрамханалардың тізімін жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Асти», «Белуга», «Дискомания», «Санремо», «Фабрика», «Шелби», «Марко Поло», «Энигма», «Мармарис», «Монако» секілді көңіл көтеру орындары құқық бұзушылық жиі тіркелетін тізімнің алғашқы қатарына жайғасқан. Бұл мекемелерде түнгі уақытта жанжал, төбелес секілді оқиғалар көп тіркеледі екен.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірген дерекке жүгінсек, ойын-сауық орындарын бақылау жұмысы күнделікті жүргізіледі. Әр мекемеге патрульдік экипаждар мен учаскелік инспекторлар тіркелген. Қадағалау жұмысы алдағы уақытта күшейе түспек.