Астанада көктайғақ салдарынан үш автобус жол апатына ұшырады

0 7

Астанада көктайғақ салдарынан бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда полициясының мәліметінше, Iveco маркалы автобустың жүргізушісі Хусейн бен Талал көшесімен келе жатып, тайғақ жолда көлікті басқара алмай, Renault Sandero жеңіл көлігімен соқтығысқан.

«Осы аумақта екі автобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы болды. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, рөлде барынша мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салды.