Мектеп оқушыларына 10 күндік демалыс беріледі

0 9

Екінші тоқсанның аяқталуына байланысты мектеп оқушылары 29 желтоқсан – 7 қаңтар аралығында қысқы каникулға жіберіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрлік мектеп оқушыларының қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шараны ұйымдастыруға кеңес беріп отыр:

  • кітап оқу;
  • музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару;
  • спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу;
  • қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу.

Десе де демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Осы мақсатта ересектер мен ата-аналар жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке көңіл бөлуі тиіс.