Токио губернаторы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды
Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кезінде Мемлекет басшысына қазақ тілінде ілтипат көрсетіп, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің Жапонияға сапары аясында өткен ресми кездесуден видео жариялады. Бейнежазбада Токио губернаторы Юрико Коикенің Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата «Қош келдіңіз!» деп қазақша амандасқаны көрсетілген.