Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2025 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.