Үш жылға жуық уақытта атқарылған жұмыс аз емес

0 16

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков республикалық, облыстық және қалалық  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, 2023-2024 жылдары және биылғы 10 айда атқарылған жұмыстар туралы кеңінен хабардар етті. Бұл кездесудің бұрынғы дәстүрлі баспасөз мәслихатынан ерекшелігі — өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында емес, «Көне Тараз» этномәдениет кешеніндегі үлкен мәжіліс залдарының бірінде өткені. Осыдан-ақ журналистерге облыс орталығында үш жылға жуық уақытта атқарылған жұмыстың ауқымдылығын хабардар етіп, қала әкімі толық ақпарат беруді қалағаны сезілгендей. Оның үстіне, республикалық өңірлік, қалалық басылымдардың тілшілері ғана емес, бас редакторлардың да кездесудің маңыздылығынан хабар берді. Әріптестермен кездесу алдында мәжіліс залының төрт қабырғасының жартысын ала қаланың даму жоспары туралы жүзеге асқан жобалардан түсірілген үлкен суреттердің алдында қала әкімі журналистерге жан-жақты хабардар етті. Одан кейін екі сағаттан аса сала-сала бойынша баяндама жасап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қарша бораған сұрақтарына толыққанды жауап берді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары мен облыс әкімі Ербол Шырақпайұлының тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жүйелі түрде қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта қаламызда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, нақты істер қолға алынуда.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысымен Тараз қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 19,3 пайызға  (570,2 миллиард теңге), инвестиция — 27,1 пайызға (171,0 миллиард теңге), құрылыс жұмыстары — 35,8 пайызға (76,1 миллиард теңге), ауылшаруашылығы өнімі — 1,7 есеге өсті (21,8 миллиард теңге). Бөлшек сауда — 100,5 пайызды (325,5 миллиард теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 100,1 пайызды (325,9 мың шаршы метр), құрады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты 8 қыркүйекте жасаған Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар міндеттерді тапсырды. Оның ішінде инвестиция тарту мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Бұл бағытта қаламызда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз қажет. 2023-2024 жылдары жалпы құны 21,4 миллиард теңгені құрайтын  7 инвестициялық жоба іске асырылып, онда 395 жаңа жұмыс орындары құрылды.

2023 жылы — «Дәмді Себет» ЖШС-нің ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді шығару жобасы. Жоба құны 700 миллион теңге, ашылған жаңа жұмыс орындары 105 бірлік; «Джон Банметалл Пром» ЖШС-нің мырыш оксиді мен қорғасын оксидін шығаратын цехты қайта құру жобасы. Жоба құны 6,8 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 50 бірлік; «KISK» ЖШС-нің металл құю цехын қайта жаңғырту жобасы, жоба құны 1,870 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 80 бірлік; «Taraz Plastic» ЖШС-нің полипропилен шпагатын өндіру желісі жобасы, жоба құны 200 миллион теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 20 бірлік; 2024 жылы «Алель агро» АҚ-ы Жамбыл филиалының өндірістік инкубатор объектісін салу жобасы, жоба құны 2,6 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 50 бірлік; «Alina Group» ЖШС-і «құрғақ құрылыс қоспалар зауытының құрылысы» жобасы, жоба құны 6,9 миллиард теңге. Қуаттылығы жылына 350 мың тонна. Жаңа жұмыс орындары 60 бірлік. Сонымен қатар, «Alash prom» ЖШС-і «Автоклавты газдалған бетон» жобасы, жоба құны  2,4 миллиард теңге, жоба қуаттылығы жылына 50 мың метр куб, ашылған жаңа жұмыс орындары 30 бірлік. Ал, ағымдағы жылдың есепті кезеңіне 17,1 миллиард теңгеге 12 жоба іске қосылып, жыл соңына дейін тағы 5,4 миллиард теңгеге 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл жобалардың аясында 484 жаңа жұмыс орындары құрылады.

2025 жылы іске қосылған жобалар — «КазКаспийГидроСельхозТехнология» ЖШС-і тамшылатып суару жүйесі зауыты, жоба құны 2,8 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 35 бірлік.  «Югай Юг Такси» ЖК электр таксиін іске қосу және электр стансасын орнату жобасы, жоба құны 420 миллион теңге.  Ашылған жаңа жұмыс орындары 26 бірлік.  «UpAdal» ЖШС-і кептірілген нан үгінділерін шығару жобасы, жоба құны 300 миллион теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 18 бірлік. «KAKN (ALFA)» ЖШС-і шыңдалған шыны өндірісі жобасы, жоба құны 1,5 миллиард теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 20 бірлік. «I CONS» ЖШС-і өндіріс алаңдарын салу жобасы, жоба құны 1,4 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 20 бірлік.   «ЭФЕН» ЖШС-і «Аструм» демалыс ойын-сауық кешені жобасы, жоба құны 3,5 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 100 бірлік; «KazGeoEnergy» ЖШС-і әк өндірісі жобасы жоба құны 1 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орны 20 бірлік;

«ТАРАЗ — ЦЕМЕНТ СТРОЙ» ЖШС-і өндіріс алаңдарын салу жобасы, жоба құны 2,8 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 10 бірлік. «Даулет Холдинг» ЖШС-і аралық (ішкі) есіктерді өндіру жобасы, жоба құны 300 миллион теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 40 бірлік. «Nur Prestige» ЖШС-і жылу оқшаулағыш фасадтар мен фибробетон өнімдерін өндіру жобасы, жоба құны 500 миллион теңге. Ашылған жаңа жұмыс орындары 40 бірлік. «KazGeoEnergy» ЖШС-і әк өндірісі жобасы, жоба құны 1,0 миллиард теңге. Ашылған жаңа жұмыс орны 20 бірлік«Казметан» ЖШС-і автомобильдік газ толтыру компрессорлық станциясы, жоба құны 1,5 миллиард теңге, 50 бірлік;

Жыл соңына дейін іске асырылатын жобалар — «KazIndustrial Stroi» ЖШС-і бетон төсемесін өндіру жобасы, жоба құны 2,8 миллиард теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 15 бірлік; «South Holiday» ЖШС-і демалыс орталығының ІІ кезеңі (қонақ үй құрылысы), жоба құны 1,0 миллиард теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 10 бірлік; «ТаразКожОбувь» ЖШС-нің тері өндірісі, жоба құны 650,0 миллион теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 40 бірлік; «Alem Beton kz» ЖШС-нің асфальтбетон өндірісі жобасы, жоба құны 1,0 миллиард теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 20 бірлік — деді.

Қала әкімінің баяндамасына қарағанда ауыл шаруашылығы саласында да өрлеу бар көрінеді. Мәселен, салада 2023-2024 жылдары жалпы 7,1 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылып, 324 жаңа жұмыс орны құрылыпты. 2023 жылы «Дәмді себет» ЖШС кондитерлік  цех ашу, 135 жұмыс орны, құны – 700 миллион теңге болса, «Алель агро» АҚ-ы инкубаторлық цех ашу, 60 жұмыс орны, құны — 3500 миллион, «Пышка» ЖШС-і кондитерлік цехын ашу, 28 жұмыс орны, құны — 350 миллион, «Хлебный дар» жеке кәсіпкер наубайханаға арналған құрылғылар алу, 20 жұмыс орны, құны – 26,9 миллион теңге. «Ауыл-Береке» базары аумағында «КТО Тараз» салу, 21 камералық 4 қойма (7000 шаршы метр), құны – 1,0 миллиард теңге.

2024 жыл «Көкжиек-2030» ЖШС-і сүт өңдеу, 15 жұмыс орны, құны – 20, «Ауыл-Береке» базары аумағында «КТО Тараз» салу, 21 камералық 2 қойма (2000 шаршы метр), құны – 500, «Шалқаров»  жеке кәсіпкерлігі сүт өңдеу, 5 жұмыс орны, құны – 6, «ТНОLOSA» ЖШС-і, алкогольсіз орташа газдалған сусындар цехын ашу, 15 жұмыс орны, құны – 300, «Ақылбекова» жеке кәсіпкері, сүт өңдеуге арналған құрылғылар алу, 2 жұмыс орны, құны – 2,0, «Қасымов» жеке кәсіпкері, наубайханаға арналған құрылғылар алу,  4 жұмыс орны, құны – 8,0, «Шах» ЖШС-і – шұжық цехына арналған қондырғылар алу, жоба құны 200,0 миллион теңге. 20 жұмыс орны. «Зербұлақ» — фарель балық шаруашылығы, жоба құны 500,0 миллион  теңгені құрап, 20 жұмыс ашылыпты.

— Биыл 4,6 миллиард теңгеге 9 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 3,0 миллиард теңгеге 3 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары 269 бірлікті құрайды. 2025 жылы іске қосылған жобалар. «ОРЦ Тараз» ЖШС-і – көкөніс қойма салу, жоба құны 1,1 миллиард теңге, жұмыс орны 3 бірлік; «Rich Gold» ЖШС-і – алма өңдейтін цех құрылысы, жоба құны 420,0 миллион теңге, жұмыс орны 25 бірлік; «Бидай нан» ЖШС-і – нан зауытына құрылғы алу, жоба құны 13,0 миллион теңге, жұмыс орны 2 бірлік; «Костянкин» ЖШС-і – сүт зауытына жабдықтар алу, жоба құны 7,0 миллион теңге, жұмыс орны 3 бірлік; «Ким» ЖШС-і – наубайханаға құрылғы алу, жоба құны 19,0 миллион теңге, жұмыс орны 8 бірлік; «Каусар» ШҚ – көкөніс сақтау тоңазытқыш, жоба құны 500,0 миллон теңге, жұмыс орны 3 бірлік; «Хлебный Дар» ЖШС-і – кондитерлік өнімдер дүкені, жоба құны 24,0 миллион теңге, жұмыс орны 5 бірлік; «Шалқаров» ЖШС-і – сүт зауытына жабдықтар алу, жоба құны 16,0 миллион теңге, жұмыс орны 2 бірлік;«Алель Агро» ЖШС-і құс етін сою алаңы, жобаның құны – 2,5 миллиард теңге, 200 жұмыс орны.

Жыл соңына дейін іске асырылатын жобалар — «TRZ Agro» ЖШС-і көкөніс сақтау қоймасы, жобаның құны – 1800,0 миллион теңге, 7 жұмыс орны;  «Тараз Цемент Строй» ЖШС-і көкөніс сақтау қоймасы, жобаның құны – 550,0 миллион  теңге, 6 жұмыс орны;  «Каусар» ШҚ – көкөніс сақтау қоймасы, жоба құны 680,0 миллион теңге, жұмыс орны 5 бірлік — деді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Қандай  бір мемлекеттің табыс көзі — экономиканың қарқын алуымен қатар, туризм саласының дамуынан екені белгілі. Сондықтан да қала билігі бұл салаға да баса мән беретіні баяндамадан аңғарылады. Мәселен, қалада 28 туристік ұйым, 123 орналастыру орындары, 12 туристік нысандар бар. («Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Көне Тараз» археологиялық паркі, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Қазақ хандығы» мемориалы, «Қарахан» кесенесі, «Дәуітбек»  кесенесі, «Тектұрмас» кесенесі, «Қали Жүніс» моншасы, «Төрткүл» керуен сарайы, Ерте ислам дәуірінің мешіті, «Жеңіс» саябағы).

Аталған нысандар инфрақұрылыммен толық жабдықталғанында атап өткен әкім  2025 жылдың ІI тоқсаны қорытындысымен қалаға келген туристер саны 56411 адамды құрап, көрсеткіш 12,2 пайызға өскенін атап көрсетті. Оның ішінде: ішкі туристер саны – 55400 адам, өсім 12,0 пайыз (2024 жылы 49431 адам). Шетелден келген туристер саны — 1011 адам, өсім 19,0 пайыз (2024 жылы 849 адам). 2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 18,2 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22,9 пайызға өсіпті. Сондай-ақ туризм саласында құны 9,4 миллиард теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жоспарланып, оның екеуі іске асырылған, біреуі биылғы жыл соңына дейін, тағы бірі 2026 жылдың қазан айында пайдалануға берілетін көрінеді.

«Ежелгі бекініс» жобасының 3-ші кезеңі (құны 505,0 миллион теңге) 2025 жылдың мамыр айында іске асырылып, қазіргі таңда апта сайын рухани мәдени іс-шаралар және қолөнершілер көрмесі ұйымдастырылып жатса керек. «Эфен» ЖШС-нің «Аструм» демалыс аумағы (Тәуке хан көшесі №15 «а», құны — 3,5 миллиард теңге) 2025 жылдың маусым айында ашылды екен. «South Holiday» демалыс аймағының (М.Дулати көшесі №139 «б») 2-ші кезеңі (қонақ үй құрылысы, құны — 1,2 миллиард теңге) 2025 жылдың қараша айында іске асырылады деп күтілуде. «Атлас Эстейт» ЖШС-нің халықаралық стандартарға сәйкес келетін «Hilton» қонақ үй құрылысы жобасы (Жамбыл даңғылы №222, құны — 4,2 миллиард теңге). Қазіргі таңда жобалау құжаттама рәсімдері жүргізілуде. Іске қосу мерзімі 2026 жылдың қазан айына жоспарланыпты.

Өткен жылдың 27-28 қыркүйек аралығында «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты III Халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылып, кең көлемде атап өтілген. Республика көлемінде Тараз қаласы тұңғыш болып дүниежізілік қолөнершілер қалаларының тізіміне еніпті. Фестивальге  алыс және жақын 12 шет мемлекеттерден қолөнершілермен қатар халықаралық қолөнершілер қауымдастықтары, халықаралық сарапшылар, туризм саласына қатысты мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысқан.

Туризмді дамыту мақсатында  биыл «Тектұрмас» кешенінде «Көне қамал» қорғанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Бұл салаға жергілікті бизнес өкілдері үлкен үлес қосып отырғанын атап өткен қала әкімі жаңа қонақ үйлер желісі кеңейіп, мейрамханалар, тамақтану орындары ашылуда және демалыс аймақтарының да құрылысы жүргізіліп жатқанына да назар аударды.

— 2025 жылдың қаңтар-қазан айының қорытындысымен Тараз қаласында жалпы 49867 (2024 жылы – 43886) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген оның ішінде шағын – 7494, орта — 50, жеке кәсіпкерлер – 40420, шаруа қожалықтар – 1903 бірлік. Ал, нақты жұмыс жасайтындары – 44442 бірлікті (2024 жылы – 37694) құрайды немесе  89,1 пайыз  (шағын – 5636, орта — 50, жеке кәсіпкерлер – 37034, шаруа қожалықтар — 1699, жұмыс жасамайтындары – 5425 бірлік). 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңадан тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың саны 5981 бірлікке артты.  Ағымдағы жылы шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған азаматтар саны 76683 (2024 жылы — 70030) адамды құрап (шағын – 22804, орта – 6395, жеке кәсіпкерлер – 45166), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға және өндірілген өнім көлемі 400,8 миллиард теңгені құрап, (шағын – 159,4 миллиард, орта – 51,2 миллиард, жеке кәсіпкерлер – 189,4 миллиард, шаруа қожалықтар – 698 миллион теңге), 17 пайызға өсті.

Ағымдағы жылы «Бірыңғай кешенді» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Өрлеу» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы Тараз қаласы бойынша 19,8 миллиард теңгеге 131 жоба қаржыландырылды. Атап айтсақ, пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігімен 7,6 миллиард  теңгеге 31 жоба; «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы арқылы 3,3 миллиард теңгеге 72 жоба кепілдендірілді; «Өрлеу» бағдарламасы аясында 4,7 миллиард теңгеге 28 жоба қаржыландырылды. Жыл басынан 6 мейрамхана мен кафе, 21 дүкен, 2 монша, 6 қонақ үй, 10 сауда орталықтары, 4 ойын сауық орталықтары және 1 дәріхана ашылып, қызметін бастады, — деді Бақытжан Орынбеков.

Қала әкімінің баяндамасынан базарларды қайта жаңғырту жайына да қанық болдық. Бүгінде Тараз қаласында 15 сауда базары жұмыс істесе, оның ішінде 14-і әмбебап, 1-і арнайы мамандандырылған көрінеді. Қала базарларындағы жалпы сауда орындарының саны 7493 бірлік, оның ішінде жалға алушылар саны 4691 бірлік екен. «Сауда орындарын жаңғыртуға» арналған «жол картасы» аясында «Нұралы» базары қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтапты. Қазіргі таңда  «Жібек жолы», «Салтанат», «Якка сарай» базарлары қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіліп жатса керек.  «Жол картасына» сәйкес, барлық жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы көзделген. Жаңғырту жұмыстары тек сатып алушыларға ғана емес, сонымен қатар, сатушыларға да ыңғайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

Қала әкімі бюджеттік түсімненде журналистерге кеңінен мағлұмат беріп, білім, жұмыспен қамту, мәдениет және қала тіршілігііне қатысты барлық сала бойынша кеңінен тоқталып өтті.

Мың жылдық тарихы бар көне де, жаңарған қаланың тыныс-тіршілігі журналистерді бейжай қалдырмайтыны үлкен залдың үш жеріне қойылған  микрофонға тізіліп, кезекке тұрғанынан-ақ аңғарасың. Айтқандай, әріптестер тарапынан «ағыл-тегіл» қойылған сансыз сұраққа қала әкімі байыппен жауап беріп, бірді-екілі ұсыныстарды да түртіп алып жатты. Әсте, баспасөз мәслихаты деген осылай ашық-жарқын, кездесу іспеттес өтуі керекті.