Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

0 11

Алдағы күндері Республика бойынша жаңбыр мен қар күтіледі, ал 13 қараша күні шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, ел бойынша тұман, көк тайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда боран соғады. Ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ауа температурасы болжамы:

  • солтүстікте: түнде –5…–12°, күндіз 0…–6°;
  • солтүстік-батыста: түнде –2…–10°, күндіз 0…–5°;
  • орталық өңірлерде: түнде –3…–13°, күндіз –6…+3°;
  • шығыста: түнде –8…–20°, күндіз 0…–10°.

Қалған өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгерісі күтілмейді.